«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІ 50 ЖАС ОТБАСЫҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ (ФОТО)

03 сәуір 2024 165 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешіті 50 жас отбасыға арнап ауызашар дастарханын жайды.

Мешіт имамдары жиналған отбасыларға Рамазанның соңғы 10 күндігі мен қасиетті айдың құндылықтары жайында уағыз-насихат айтып, әрбір жанұяға Рамазан айының мол берекеті мен шарапатын тіледі.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Рамазан-2024» жоспары негізінде «Отбасыларға ауызашар» айдары бойынша Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде ауызашар дастархандары жайылып келеді.

Возможно, это изображение 9 человек

Пікірлер Кіру