«Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық жасалды (ФОТО)

29 қаңтар 2021 3200 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Игі шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы азық-түлік салынған сөмкелерді келушілерге үлестірді.

Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушы Әйел-қыздар секторына және «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Жақия қажы Исмайыловқа өз ризашылығын білдіре келе қайырымдылық жұмыстарын жандандыра түсу қажеттігін қаперге салды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес бүкіл республика имамдарына бекітілген жеті бағыттың бірі осы қайырымдылық жұмыстары болып есептеледі.

Жалпы өткен жылы да қайырымдылық шаралары аз болған жоқ. Әсіресе, пандемия кезінде Елорда имамдарының халықпен тығыз жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Алла нәсіп етсе, игі шаралар мен бастамалар осы жылы да жалғасын таппақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру