«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ УАҒЫЗ ДАСТАРХАНЫНДА БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

13 қазан 2023 1268 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» тақырыбында семинар өткізіліп, уағыз дастарханы жайылды.

Жамағат бірлігін арттыра түсу мақсатында ұйымдастырылған берекелі басқосу барысында жамағатқа мешіт наиб имамдары Яхия қажы Исмаилов, Жасұлан Әбутәліп, Алтынбек Хусайновтар уағыз айтып, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, көркем мінез бен әдеп тақырыптары аясында құнды насихаттар жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру