ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: «КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ САДАҚ АТУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ (ФОТО)

18 қазан 2025 984 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінің Жастар ісі секторы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жамағатпен бірге садақ атудан сайыс ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушылар дәстүрлі спорт түрі – садақ ату дағдыларын көрсетті. Шара жастарды дене шынықтыруға, сабырлылыққа, зейінділік пен шапшандыққа баулу, сондай-ақ рухани және физикалық дамуды үйлестіру мақсатында өткізілді.

Жастар секторының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара мешіт жамағаты арасында ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Сайыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың барлығы белсенділігі үшін алғыс хатпен бағаланып, болашақта да осындай спорттық және рухани іс-шараларға қатысуға шақырды.

Пікірлер Кіру