ЖАЗУШЫ ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БОЛДЫ (ФОТО)

01 ақпан 2024 829 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қоғаммен байланыс аясында бас имам Ерболат Нұрылдаұлы қаламгер, жазушы, журналист, қонаевтанушы Ораз Қауғабай ағамызды қабылдап әңгімелесті. Қаламгер ағамыз еліміздегі діни ахуал жайында еркін ой бөлісіп, өзінің ақжарма тілегін білдірді.

Ораз Қауғабай ұзақ жыл­дан бері мемлекет және қо­­ғам қайраткері Дінмұха­мед Қонаевтың өмір жолын зер­делі зерттеп, жұртшы­лық­қа біраз дүние ұсынған еді. Со­ның ішінде қаламгердің «Таңғажайып Қонаев» атты роман-эссесін тұғырлы тұлғаның ата-анасы, балалық шағы, қызыққа толы студенттік өмірі, қызмет жолы көркем баяндалған. Сонымен бірге, бұл кітапта қайраткердің қара-пайымдылық, парасаттылық қасиеттері айқын көрініс тапқанын ерекше айтуға болады.

 

 

 

Пікірлер Кіру