Намаз үстінде күлу дәретті бұза ма?

20 желтоқсан 2020 9743 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Естуімше, дәретті тек денеден шыққан нәжіс бұзады. Әрине, намаз үстінде күлу деген сөз құлаққа ерсі естіледі. Дегенмен, намазда күлу дәретті бұза ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Намаз үстінде күлу өзі ғана еститін және жанындағы адам да еститіндей болуы мүмкін. Егер өзі ғана еститіндей етіп күлсе, намазы бұзылады, дәреті бұзылмайды. Ал, өзінен бөлек жанындағы адамға да күлкісі естілсе, намазымен қоса дәреті де бұзылады. Ал, дауысы шықпай, тек езу тартып жымиса, дәреті те, намазы да бұзылмайды[1].

Бұған негіз – Әбу Һурайра, Ғимран бин Хусайн және Әбу Мұса Ашғари (р.а.) риуаят еткен хадистер. Бұл хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) адамдармен бірге намаз оқып тұрған. Кенет бір кісі кіріп, мешіттегі шұқырға құлап түсті. Оның көзі көрмейді екен. Сонда, намаз үстінде көп адамдар күліп жіберді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) кім күлген болса дәретін қайта алып, намазын қайта оқуды бұйырды»[2], – делінген.

Қорыта айтқанда, намаз оқушы өзі ғана еститіндей күлсе, намазы бұзылады. Ал, жанындағы кісі естісе, намазымен бірге дәреті де бұзылады.

 


[1] Убайдулла бин Масғұд, Мұхтасар Уиқая маға шарх Ихтисар риуая, 33-бет.
[2] Дарақұтни, Табарани

Пікірлер Кіру