Рамазан айында жаман түс көріп ұрық бөлінуі оразаны бұзады ма?

14 сәуір 2021 14067 0
Оқу режимі

ассалаумағалейкум! Рамазан айында жаман түс көріп ұрық бөлінуі оразаны бұзады ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Рамазан айында түс көру арқылы ұрық шықса оразаға еш кедергі қылмайды. Мейлі, адам күндіз жүніп болсын немесе түнде жүніп болып, сол қалпымен таң атырса да оразасы бұзылмайды. Өйткені ұрық оның қалауынсыз шықты.  

«Мұхтасар әл-Құдури» кітабында былай келеді: «Егер адам ұйықтап жатып түс көргендіктен жүніп болып қалса немесе бір әйелге қарап отырып мәни бөлінсе оразасы бұзылмайды».

Айша анамыз (Алла одан разы болсын): «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақындасқан себепті жүніп халінде таңды аттырып, оразасын ұстағанына куәмін» – деді.   

Сондай-ақ ұйқыдағы кісіге үкім жүрмейді. Айша анамыз жеткізген хадисте, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қалам үш кісінің амалын жазбайды, ұйқыдағы кісі оянбайынша, ауырған кісі айықпайынша, сәби балиғатқа толмайынша» – деп айтты.

Бұл кісі тек намазын орындау үшін ғұсылын алады.

fatua.kz

Пікірлер Кіру