Құрбандықты ақшалай берсе, сауап жазылады ма?

31 шілде 2019 8547 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Сіздерге қояр сұрағым мынадай, құрбандықты ақшалай берсек, құрбандық сауабы жазылады ма?

Уағалейкумассалам! Жоқ. Құрбандықты сатып алуға арналған қаражатты садақа ету құрбандық шалудың сауабына жеткізбейді. Құрбандық – мал сойып, қан шығару арқылы орындалатын құлшылық.

Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «(Әй, Мұхаммед!) Раббыңның (разылығы) үшін, намаз оқып, құрбандық шал!»[1] – деп, әмір еткен. Аяттағы «Уанхар» деген сөз түйе бауыздауды білдіреді. Яғни, Жаратушының разылығына жету үшін Айт намазыңды ықыласпен толық оқы да, Құрбандыққа түйе бауызда. Түйені айтқан себебі, арабтарда ең бағалы жануар болғандығы үшін. Құрбандық шалу құлшылығына тек қана қан шығару арқылы жетеміз.

Алайда, құрбандық шалудан тыс, қосымша қайырымдылық шараларын жасау да теңдессіз сауапқа кенелтері хақ.

Ершат ОҢҒАРОВ, 
доктор PhD, исламтанушы


[1] «Кәусар» сүресі, 2-аят


Жауап

Тегтер: құрбандық
Пікірлер Кіру