«30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында Елордада қос нысан пайдалануға берілді (ФОТО+ВИДЕО)

24 қараша 2020 3601 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейтойына арналған «30 ЖЫЛДЫҚҚА – 30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында қос бірдей нысан пайдалануға берілді. Айта кетейік, аталмыш акция аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен әр өңірде құдық, көпір секілді жамағат игілігіне арналған нысандар тұрғызу жоспарланған болатын.

Осы орайда, қалалық «Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының жәрдемші болуымен көп балалы мешіт жамағатының үйіне су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, ішуге жарамды ауыз су кіргізіліп берілді. Аталмыш елдімекенде құдық қазуға рұқсат етілмегендіктен, арнайы су құбырын тарқызуға мұқтаж отбасының көптен бері қолы жетпей жүрген еді.

Ал, келесі игілікті шара «Шапағат» базары маңындағы тұрғындар үшін тіптен қуанышты оқиға болды. Көше бойлай тартылған газ құбыларының астынан еңкейіп өтіп болмаса айналма жол арқылы өтіп жүрген жүргіншілерге баспалдақ көпірдің қажеттілігі баяғыдан-ақ батып жүрген болатын. Осыған байланысты қалалық «Ғылмани» мешітінің жауапкершілігімен баспалдақ көпір бүгін пайдалануға берілді.

Қос бірдей қуанышты шараның ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру