«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ 60 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕРІЛДІ (ФОТО)
28 ақпан 2026
61
0
Оқу режимі
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде қаладағы 60 мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды.
АҚИҰ Бас директоры, Елші Берік Арын шараға арнайы қатысып, Рамазан айының ынтымақтастық пен өзара қолдауды күшейтетін ерекше кезең екенін айтты. Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов қайырымдылық көмегін алуға келген отбасыларды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, мешіт ұжымы мұқтаж жандарға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Бастаманың негізгі мақсаты – әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету және ораза кезінде олардың күнделікті тұрмыстық ауыртпалығын жеңілдету.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру