Адасып қалған бауырлар 14 жылдан соң қажылықта табысты

28 тамыз 2018 6945 0
Оқу режимі

Осыдан 14 жыл бұрын бір-бірінен көз жазып қалған палестиналық Муса мен Латифа есімді әпкелі-інілі ағайындар қажылық кезінде қайта табысып, шексіз қуанышқа бөленді. Сауд Арабиясы королінің жеке қаржысы арқылы берілген арнайы шақырту олар үшін осылайша тіптен қайырлы бола түсті.

Әпкесі Латифаның айтуынша, осыдан 30 жыл бұрын олар Палестинадан Ливан жеріне бас сауғалаған екен. Ол кезде Муса небары 2 жаста болған екен. Кейіннен Латифа Мысырға өтіп кетеді де, інісі Ливанда қалып қойған. Осы уақыт ішінде ол інісін бірақ, яғни 14 жыл бұрын ғана көрген екен.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру