«Әл-Фараби» мешітінде Рамазанға арналған жастармен кездесу өтті
19 наурыз 2026
25
0
Оқу режимі
Астана қаласы «Әл-Фараби» мешітінде Дәстүр және отбасы бағыты аясында «Жастар және Рамазан: сабыр мен жауапкершілік» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ораза айындағы сабырдың маңызы, жастардың ел мен отбасы алдындағы жауапкершілігі кеңінен талқыланып, насихат жүргізілді.
Сұхбат соңында дін мен дәстүрге қатысты сұрақ-жауап өткізіліп, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ҚМДБ «Muftiyat» баспасынан шыққан «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітапшасы таратылды.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру