«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
29 қыркүйек 2026
109
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінің Жастар ісі секторы №3 арнайы мектеп оқушыларына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Игі іс-шара барысында мектеп оқушыларына тәттілер үлестіріліп, білімге деген қызығушылығын арттыруға және ой-өрісін дамытуға арналған түрлі оқу құралдары табысталды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білім алуға деген ынтасын қолдау және қоғамдағы өзара жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын насихаттау.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру