«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАРЫ АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

26 ақпан 2026 26 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының берекелі күндерінде Астана қаласындағы «Әл-Ғани»​ мешіті жанындағы Жастар ісі секторы игі бастама ұйымдастырды.

Ауыз бекітіп, жолда жүрген жолаушыларға құрма мен су үлестіріліп, ауызашар уақытында қолдау көрсетілді. Бұл шараның мақсаты – ораза ұстаған жандарға жеңілдік жасау, сауапты іске ұйытқы болу және қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.

Игі іске мешіт жастары белсенді түрде атсалысып, сауапты амалдың басы-қасында жүрді. Олар ауызашар уақыты жақындаған сәтте көшедегі және қоғамдық орындар маңындағы жолаушыларға құрма мен су таратып, жылы лебіздерін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру