Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

28 ақпан 2022 3704 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» тақырыбы аясында өткен шара барысында 20 отбасыға азық-түлік сөмкесі және ет үлестірілді.

Атап айтқанда, Елордамыздағы «Чернобыль одағы» тобының мүшелеріне және қаламыздағы №86 мектептің мұқтаж отбасыларына азық-түлік сөмкелері табысталып, Бас имам Ерболат Жүсіпов бастаған Бас мешіт қызметкерлері құттықтау лебіздерін білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру