«Әлжан» ана мешіті 7 отбасыға азық-түлік сөмкесін таратты

15 қаңтар 2022 934 0
Оқу режимі

Елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты «қызыл аймақта» орналасқан бірнеше қалаларда құлшылық ордаларының қызметі тоқтатылып, мешіттер жабылған болатын. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінде жамағатпен бірге бес уақыт және жұма намазы оқылып жатқан жоқ.

Дегенмен, жұма күнінің құрметіне орай Елордадағы «Әлжан» мешіті қайырымдылық шарасын жандандырып, құлшылық ордасы орналасқан елдімекендегі мұқтаж отбасыларға азық-түлік сөмкелерін үлестірді. Атап айтқанда, мешіт маңында тұратын тұрмысы төмен 7 отбасыға азық-түлік сөмкелері табысталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру