Апталық ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)

07 желтоқсан 2021 3700 0
Оқу режимі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа апталық дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастырып, ихсан құндылықтарын насихаттап, жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында мешітімізде әр алуан іс-шаралар қолға алынуда. Соның бірі – апталық дастархан. Яғни, әр аптада бір рет дастархан басында бас қосып, діни құндылықтарды насихаттау үрдісі қайта қолға алдынды.

Бас имам Руслан Байзақов арнайы қатысып, жамағатқа ҚМДБ-ның жаңа бағыттары жайлы мәлімет беріп, ихсан құндылықтары жайында уағыз айтты. Сонымен бірге, ауыз ашар дастарханында басы қосылған ағайынды «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының мазмұнымен таныстырды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру