«AQ MESHIT» МЕШІТІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

30 сәуір 2024 413 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінің ұжымы ДЦП-мен сырқаттанған балалар оқитын мектепке арнайы барып, сонда тәлім алып жатқан кішкентайларға қуаныш сыйлады.

Құлшылық үйінің бас имамы Дәурен Мүсілімов бастаған имам және ұстаздар өздерімен бірге балаларға базарлық ала келді. Ауылдың дәмін сезінсін деген мақсатта құрт пен тәтті сусындар ұсынды. Дастархан басында балалармен еркін сұхбат жүргізіп, қал-жағдайынан хабар алды.

Артынша игі шара тегін шаштараз қызметімен жалғасты. Барлық балалардың шашын тегін алып бере отырып, ата-аналар мен тәрбиешілердің ризашылығына ие болды.

2 адам кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

10 адам, адамдар оқып отыр және үстел кескіні болуы мүмкін

3 адам, сақал және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам және сақал кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру