«Aq meshit» мешітінде «Айттағы қуаныш» мерекелік іс-шарасы өтті

20 наурыз 2026 44 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Aq meshit» мешітінде ораза айт мейрамына орай Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Дәстүр және отбасы бағыты аясында «Айттағы қуаныш» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында балалар мен аналарға мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, олардың көңіліне шаттық ұялады. Игі іс-шара отбасы мен қоғамдағы татулықты нығайтуға, жас ұрпаққа ізгілік пен бауырмалдықты насихаттауға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру