«Aq Meshit» мешітінің жастары арасында футбол сайысы өтті

22 сәуір 2026 99 0
Оқу режимі

«Aq Meshit» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мешіт жастары арасында футбол ойыны өткізілді.

Игі іс-шараны мешіттің Жастар ісіне жауапты маманы Оңғар Хайридинов үйлестіріп, қатысушылардың белсенді түрде атсалысуына мүмкіндік жасады.

Аталған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Жарыс барысында қатысушылар өзара татулық пен достық қарым-қатынасты көрсете отырып, шынайы спорттық рухта бақ сынасты.

Дені саудың – жаны сау демекші, бұл – мұсылман жастарын жан-жақты дамуға, денсаулықты күтуге және белсенді өмір салтын ұстануға үндейтін іс-шара болды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру