Араб тілін жеңіл үйрететін жаңа топтама жарыққа шықты (ФОТО)

19 қазан 2021 4196 0
Оқу режимі

Бүгінгі таңда араб тілінің қоғам арасындағы қадірі қайта артып келе жатқаны баршамызға аян. Құдай сөзі – Құран түскен тілді меңгерудің маңыздылығын түсінгендердің талабы да уақыт санап көтеріліп келе жатқандай. Құбылаға бет түзеп намазға тұрсаңыз да, ата-баба рухына бағыштап, қатесіз қырағатпен Құран оқығыңыз келсе де  – халқымыз айтпақшы, алдымен арабша тіл сындырып, «әліпті таяқ деп» танудан бастайтынымыз анық.

Осы орайда, еліміздің руханият кітапханасы тағы бір пайдалы дүниемен толығып отыр. Жақында ғана жарық көрген Араб тілінің әліпбиінен грамматикасына дейін үйретуге арналған кітаптар топтамасы (10 кітап) оқырманын оңай жол ұсынып, түрлі қосымшалармен еліктіре түскендей. Оқу бағдарламасына сәйкес арнайы әзірленген 159 видеосабақ пен Andriod, App Store платформаларындағы қосымшалар арқылы алған білімді бекітудің тиімді жолдары ұсынылған. 

Кітаптар топтамасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Дін істері комитетінің оң мақұлдауын алған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру