«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

06 қараша 2026 40 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Әс-Сәләм» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай мен «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы қатысты.

Қайырымдылық аясында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған қораптар табысталып, олардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру