«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТПЕН РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

14 ақпан 2026 105 0
Оқу режимі

«Әс-Сәлам» мешітінде құптан намазынан кейін «Ихсан және насихат» және «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша жамағатпен, сондай-ақ Құран жаттау орталығының шәкірттерімен кездесу өтті.

Мешіт имамы Дастан Зияшұлы «Рамазан және Бас имам сағаты» жобасы аясында «Рамазан айына рухани дайындықпен кіру» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Имам өз сөзінде жамағатты қасиетті Рамазан айына алдын ала рухани әзірлікпен келуге шақырды. Атап айтқанда, Рамазан айында өзін-өзі тәрбиелеу, халыққа және дінге қызмет ету мақсатында нақты жоспар құрып, айды құлшылық-ғибадатпен, салиқалы әрі ізгі амалдармен өткізу қажеттігін насихаттады.

Кездесу соңында жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді. Жиынға қатысушылар рухани әсер алып, алдағы Рамазан айын мәнді өткізуге ниет білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру