АСТАНА ИМАМДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

28 қазан 2026 226 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы бастаған елорданың дін қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудың маңызына тоқталып, Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен жаңа Конституцияның тарихи мәнін атап өтті. Сондай-ақ елдің алдағы даму міндеттері, қоғамдық бірлік пен келісімді сақтау, талап пен тәртіпті нығайту мәселелерін қозғады.

Жолдауда көтерілген «Адал азамат» идеологиясы, отаншылдық, адал еңбек пен қоғамдық әдеп секілді құндылықтар қоғамның дамуы мен өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алады. Бұл бағыттар азаматтардың ел алдындағы жауапкершілігін арттырып, өзара құрмет пен татулықты нығайтуға үндейді.

Дін қызметкерлері Жолдауды тыңдау арқылы ел өміріндегі маңызды бастамалармен танысты. Қоғамдағы келісімді сақтау, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және халықты ізгілікке шақыру бағытындағы рухани-ағартушылық қызметтің маңызы да айрықша.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру