АСТАНА МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН СӨЗ – ЖАНҒА ДАУА» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)
Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің тапсырмасымен Астана медресе-колледжінің студенттеріне «Жүрекке жеткен сөз – жанға дауа» тақырыбында семинар өтті.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Ихсан және насихат» бағытына жауапты маман Шалқар Жолды аталмыш тақырып аясында студенттерге тағылымды уағыз-насихат айтып, жүрек тәрбиесінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Семинар барысында жастардың діни біліммен қатар көркем мінезді, парасатты тұлға болып қалыптасуы — уақыт талабы екені айтылды. Ұстаз жүрек тазалығы мен ниет дұрыстығы әрбір істің берекесін арттыратынын жеткізіп, білім алуда табандылық пен ұстазға құрметтің орны ерекше екенін тілге тиек етті.
Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі