АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ ОРЫС ТІЛДІ ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР ӨТТІ
26 қараша 2026
93
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде орыс тілді жамағатқа арналған «Расскажи об Исламе» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, семинарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым жүргізді.
Кездесу барысында Ислам дінінің негізгі құндылықтары мен ұстанымдары, дін мен дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ асыл дінімізді өзгелерге дұрыс таныстырудың маңызы түсіндірілді. Исламның бейбітшілік пен ізгілікке үндейтін дін екені айтылып, қоғамда дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Шара соңында қатысушыларға «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Религия и традиции» кітабының I томы сыйға тартылды.








Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру