АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

26 қараша 2026 93 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспар аясында Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыптарында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамдары мейрамхана мен кафе әкімшіліктерімен кездесіп, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарға сай той өткізу мәдениетін қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Кездесулерде той-томалақ кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, даңғазалықтан аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану және қуанышты шараларды тағылымды әрі тәрбиелік мәні бар деңгейде өткізу мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, құдайы ас беру дәстүріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ас берудің негізгі мақсаты марқұмды еске алып, Құран бағыштау, дұға жасау және сауапты амалдарды орындау екені айтылды. Бұл ретте бәсекелестік пен орынсыз шығынға жол бермей, қарапайымдылық пен шынайылықты басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру