АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІНІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ МЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
10 қараша 2026
46
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, әр тоқсан сайын өтетін медиация апталығы Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жалғасын тапты.
Апталық аясында мешіт имамдары жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтар арасындағы дау-дамай мен келіспеушіліктердің алдын алу, өзара түсіністік пен татулықты нығайту мәселелеріне назар аударды.
Кездесулер барысында туындаған даулы жағдайларды ушықтырмай, өзара келісім арқылы шешудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ кешірімділік, сабырлылық, әділдік пен мәмілеге келу сынды асыл құндылықтардың қоғамдағы ынтымақты сақтаудағы рөлі айтылды.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру