АСТАНА ҚАЛАСЫНДА КӨЗІ КӨРМЕЙТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ  

13 наурыз 2026 46 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің Дін және отбасы бағыты бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен елордадағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арнап ауызашар кеші өткізілді.

Іс-шара кітапханада ұйымдастырылып, ақ жаулықты аналар мен ақсақалдарға арнайы дастархан жайылды. Асыл дініміз бен дәстүрімізді ұштастырған рухани бағдарлама ұсынылды. Қазақтың қара домбырасымен әсем әндер шырқалды.

Тағдыр жүгін арқалаған қарияларымыздың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жиында олар ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру