АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29 маусым 2026 132 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлымен кездесті. Басқосуға Сарыарқа ауданының дін қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қайролла Дүйсешұлы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы дін саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, діни қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алынатын негізгі құқықтық нормаларды түсіндірді. Сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметіне қатысты заң талаптары мен жауапкершілік мәселелері жан-жақты сөз болды.

Кездесу барысында қала бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы дін қызметкерлерін заң талаптарын қатаң сақтап, қоғамдағы тұрақтылық пен діни келісімді нығайту жолында жауапкершілікпен қызмет етуге шақырды.

Жиында діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы бұйымдарды тарату және сату тәртібі, шетелден діни кітаптар мен өзге де материалдарды әкелуге қойылатын талаптар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қоғамда дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу және тұрғындардың діни сауатын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Имамдар өздерін толғандырған құқықтық және практикалық мәселелер бойынша сауалдарын қойып, сала маманынан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік мекемелер мен мешіттердің өзара ынтымақтастығын нығайту, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі жалғастырудың маңыздылығы айтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру