АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАЗА БОЛҒАН САРБАЗДАР РУХЫНА ДҰҒА БАҒЫШТАДЫ

25 қыркүйек 2026 193 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатпен бірге Ақтау қаласында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың рухына дұға жасады.

Қала бас имамы қаза болған сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстарына ауыр қазаға байланысты сабыр тіледі.

Айта кетсек, осынау орны толмас ауыр қазаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі күнді «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп жариялады. Осыған орай ел көлемінде қаза болған азаматтардың рухына тағзым жасалып, олардың отбасыларына қолдау көрсетілуде.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді қуандыр. Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар: “Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз”, – деді», – деп баяндайды («Бақара» сүресі, 155–156-аяттар).

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру