АСТАНАДА МЕРЕКЕЛІК МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Адалдық – Пайғамбар ﷺ өсиеті» атты рухани Мәуліт кеші өтеді.
Мәні терең рухани кеште Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ адамгершілік пен ізгілікке үндеген өнегесі насихатталып, тағылымды, рухани бағдарламалар ұсынылады.
Кештің арнайы қонақтары қатарында Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ айтыскер ақын, жазушы Арман Бердалин бар.
Рухани Мәуліт кеші 30 тамыз күні сағат 15:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.
Кешке зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері және қала тұрғындары қатысады.
Билеттер жуырда сатылымға шығады.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі