Астанада өткен Құран жарысының жеңімпаздары анықталды

25 маусым 2026 341 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен XV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу өз мәресіне жетті.

Бір күнге созылған рухани додада 70-ке жуық қари бақ сынап, Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасы және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өзара сынға түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған қарилар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Әр аталым бойынша бірінші орын иегерлері Астана қаласының намысын қорғап, XV Республикалық Құран жарысына қатысуға жолдама алды.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, Құранға қызмет етудің ең абыройлы амалдардың бірі екенін атап өтті. Бас имам жарысқа қатысқан барлық қарилардың еңбегіне жоғары баға беріп, бұл додада Құранға қызмет еткен әрбір жан жеңімпаз екенін жеткізді. Сонымен қатар республикалық кезеңге жолдама алған қариларға сәттілік тілеп, олардың елорда абыройын асқақтатып, қасиетті Құранның мерейін үстем етеді деген сенімін білдірді.

Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

30 пара аталымы бойынша:
I орын: Садраддин Абдукаюмов
II орын: Нұртілеу Сейітқасым 
III орын: Диас Айтмахан 

20 пара аталымы бойынша:
I орын: Айқын Мағауя
II орын: Махмұт Мырзахмет
III орын: Абдулбасит Абдилазиз

10 пара аталымы бойынша:
I орын: Асылжан Әмір 
II орын: Билал Абдукадиров
III орын: Расул Дадажанов 

Мәнерлеп оқу аталымы бойынша:
I орын: Нұрмұхаммед Аюбай 
II орын: Юсуф Каршиев
III орын: Ибрагим Нұрланұлы

Суреттер толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарында!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру