АСТАНАДА ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР МЕКТЕБІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)
13 наурыз 2026
108
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігінің «Рахымқызы Раиса ана» мешітіндегі қыз-келіншектер мектебі қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі бастама аясында көпбалалы және жалғызбасты аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Себеттерге күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынып, мұқтаж жандарға қолдау ретінде ұсынылды.
Өз кезегінде көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп жатты.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру