ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН РАДИКАЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

21 тамыз 2026 103 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында семинар өтті.

Кездесуге спикер ретінде «Aq meshit» мешітінің ұстазы, исламтанушы Айгүл Битасқызы қатысып, аталған тақырып аясында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізер кері әсері, олардың алдын алу жолдары, дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсіну және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар әйел жамағатына діни сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндіріліп, түрлі теріс ағымдардың ықпалына ермеу, күмәнді діни ақпараттан сақтану жөнінде уағыз-насихат айтылды.

Іс-шараның өтуіне Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған мешіт ұстаздары атсалысып, қатысушылармен рухани-ағартушылық бағытта жұмыстар жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, маманнан тиісті жауаптар алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру