«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

15 ақпан 2021 5534 0
Оқу режимі

Ардақты ағайын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азаттық – балалар көзімен» атты балалар арасында көркем сурет байқауын өткізеді.

 

Байқаудың мақсаты:

  • Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту;
  • Туған жерге деген махаббатын арттыру;
  • Балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау;
  • Азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау;

 

Байқау шарттары:

  • Байқауға 7-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;
  • Байқау карантин талаптарына сай қашықтан өтеді;
  • Бір қатысушы бір ғана сурет жібере алады;
  • Байқауға А4 көлемінде салынған суреттің түпнұсқасы немесе JPEG форматында сканерден өткен суреттер қабылданады;
  • Әрбір үміткер салған суреттің оң жақ бұрышындағы төменгі жағына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын және қала немесе ауылын жазу керек;
  • Қатысушардың жұмыстары 2021 жылдың 23 мамырына дейін aqparat-qogam@mail.ru электронды мекен-жайына жіберіліп, автордың аты-жөні, туған жылы, облысы, ауданы, қаласы, ауылы және байланыс телефоны көрсетілу қажет;
  • Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қарасаз көшесi, 3 мекенжайына (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі) суреттердің түпнұсқасын жіберу сұралады.
  • Байқау жеңімпаздары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

Байқауға қойылатын талаптар:

  • Салынған сурет байқаудың тақырыбына сай болуы;
  • Өзіндік ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы.

 

Пікірлер Кіру