«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ҚОЙЫЛАДЫ (ФОТО)
26 ақпан 2026
54
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті қасиетті Рамазан айындағы ауызашар дастархандарын барынша ұлттық нақышта ұйымдастыруды көздеп отыр.
Мешіт дастархандарында жент, бауырсақ секілді дәмдермен қатар, бешбармақ пен қуырдақ сияқты қазақы ас мәзірі енгізілді. Ұлттық тағамдар ауызашардың берекесін арттырып, жамағатқа ерекше рухани әрі мәдени атмосфера сыйлайды.
Бұл игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырма аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың басты мақсаты – Рамазан айындағы сауапты амалдарды халқымыздың салт-дәстүрімен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.






Пікірлер
Кіру