«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 42 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

05 қазан 2026 108 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен 42 отбасыға азық-түлік қораптары табысталды.

Қайырымдылық шарасы демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асты. Күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы қораптар әзірленіп, «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер тобы тарапынан көмекке мұқтаж отбасылардың мекенжайларына жеткізіліп берілді.

Қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай, Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Шалқар Жолды және мешіттің ерікті жастары атсалысты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру