«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 500 ЖАНҒА АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының келуімен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.
Игі іске ұйытқы болған демеуші жандардың қолдауымен күн сайын 500 адамға тегін ауызашар берілмек. Бұл сауапты шара қасиетті айдың соңына дейін жалғасады.
Алғашқы ауызашарға жиналған қауымға мешіт ұстазы Шалқар Жолды Рамазан айының рухани мәні мен тағылымы туралы насихат айтып, оразаның артықшылықтары жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жамағатқа пайдалы кеңестерін ұсынып, қасиетті айды барынша сауаппен өткізуге үндеді.
Кеш соңында ауызашар дастарханын ұйымдастыруға үлес қосқан жомарт жандарға ақсақалдар ақ батасын беріп, ел амандығы мен береке-бірлік тілеп дұға жасады.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!














Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі