«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «АДАЛ АС – ЖАНҒА ШИПА» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

12 наурыз 2026 52 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Адал ас – жанға шипа» тақырыбы аясында танымдық семинар ұйымдастырылды.

Жиын барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов сөз сөйлеп, адал астың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталса, мешіт ұстаздары Бекет Күлсара, Нұргүл Әлиханқызы және Әсел Қыдырмин шәкірттерге тағылымды ойларымен бөлісті.

Ал, семинарға спикер ретінде шақырылған ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің технолог мамандары Жанат Ахметқызы мен Ардақ Талғатқызы халал өнімдердің ерекшелігі, оларды таңдау жолдары және халал стандарттарының маңызы туралы кеңінен түсіндірді. Қатысушыларға халал өнімдер жайында пайдалы мәліметтер беріліп, жамағат өз сұрақтарына жауап алды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру