«Әзірет Сұлтан» мешітінде болашақ қажыларға арналған дәріс өтті

25 сәуір 2026 39 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болашақ қажыларға арналған арнайы танымдық дәріс өтті.

Рухани маңызы зор дәрістер кешін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қажылық бөліміне жауапты маман Тамирлан Дарханұлы жүргізіп, қажылық сапарына ниет еткен жандарға пайдалы мәліметтер берді.

Дәріс барысында Қажылықтың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның орындалу тәртібі, негізгі шарттары, ихрам кию ережелері, оқылатын дұғалар мен сапар барысында сақталатын әдептер жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибелік тұрғыда маңызды кеңестер ұсынылды.

Аталған дәрістердің басты мақсаты – жамағатқа Қажылыққа дұрыс әрі сауатты дайындалуға бағыт беру, діни білімдерін тереңдету, құлшылықты шариғат талаптарына сай орындауды үйрету және рухани танымдарын арттыру болды.

Жиынға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алған білімдерінің алдағы қажылық сапарында үлкен пайдасы тиетінін атап өтті. Осындай танымдық әрі тағылымды дәрістер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру