«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНУ САҒАТЫ» ӨТТІ
28 қазан 2026
126
0
Оқу режимі
Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған «Намаз оқып үйрену сағаты» дәріс-семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – намаз оқу тәртібін үйрету, құлшылыққа қатысты білімді жетілдіру және діни сауаттылықты арттыру.
Дәрісті мешіттің наиб имамы, Астана қаласы бойынша Діни оқу-ағарту бағытының жетекшісі Махмұд Қасым жүргізді. Сабақ барысында намазды дұрыс орындау жолдары түсіндіріліп, құлшылыққа қатысты маңызды мәселелер қамтылды.
Дәріс соңында қатысушыларға ҚМДБ баспасынан жарық көрген «Намаз оқып үйрену» кітабы сыйға тартылды. Кітап құлшылық тәртібін өз бетінше қайталап, алған білімін бекітуге мүмкіндік береді.















Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру