«Әзірет Сұлтан» мешітінде ораза айт намазы оқылды  

20 наурыз 2026 81 0
Оқу режимі

Таң сәріден «Әзірет Сұлтан» мешітіне ағылған жамағаттың қарасы басым болды.

Қасиетті мінберден сөз алған бас имам Ерболат Жүсіпов жиналған қауымға ораза айттың мән-маңызы туралы насихат айтып, бұл күннің рухани құндылықтарына тоқталды. Сондай-ақ, айт намазының орындалу тәртібін кеңінен түсіндірді.

Дәстүрге сай, мешіт ауласында мерекелік көңіл күйді арттыру мақсатында киіз үй тігіліп, келушілерге арнайы бағдарламалар ұйымдастырылды.

Айт намазынан кейін жамағат арасында ұлттық ойындар кеңінен насихатталып, түрлі сайыстар өткізілді. Қатысушылар арқан тарту, кір көтеру, қол күрес және асық ату секілді дәстүрлі сайыста бақ сынап, өз шеберліктерін ортаға салды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру