«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

19 ақпан 2026 185 0
Оқу режимі

Елордада исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталып, алғашқы тарауих намазы оқылды.

Берекелі айдың алғашқы кешінде жамағат мешіттерге ағылып, Алла разылығына жетелейтін құлшылықтарға ниет етті.

Қасиетті айға дайындық Астана қаласына қарасты барлық мешіттерде алдын ала жүргізіліп, ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде пысықталған болатын. Жамағат та Рамазанмен қауышар сәтті ерекше ықыласпен қарсы алып, кешкі уақыттан бастап құлшылық ордаларына жинала бастады.

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті құптан намазына дейін-ақ жамағатқа толып, бір-біріне Рамазан айының басталуымен құттықтаулар айтылды.

Құптан намазынан кейін Астана қаласының бас имамы, Ерболат Жүсіпов жиналған қауымға Рамазан айының мән-маңызы, оразаның рухани тәрбиесі жөнінде насихат айтып, тарауих намазын жүргізетін қариларды таныстырды. Артынша жамағатпен бірге алғашқы тарауих намазы оқылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру