«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

02 қазан 2026 127 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған ұстаздар мен әйел жамағатының атсалысуымен «Әсем киім – әйел ажары» атты ұлттық киімдер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке барысында жамағат назарына қазақы нақыштағы ұлттық киімдер мен қыз-келіншектерге арналған түрлі бұйымдар ұсынылып, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған игі бастама жүзеге асты.

Сонымен қатар жәрмеңкеде түрлі нан-тоқаш өнімдері, тәтті бәліштер мен ұлттық тағам түрлері сатылымға шығарылып, жамағатқа ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар өздеріне белгіленген орындарға жайғасып, ұлттық киімдер мен бұйымдарын, сондай-ақ дайын тағам өнімдерін көркем әрі жинақы түрде орналастырып, жамағат назарына ұсынды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру