«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

01 наурыз 2026 42 0
Оқу режимі

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда шүкіршілік мәдениетін қалыптастыру, ризашылық пен ізгілікті насихаттау, сондай-ақ адамдар арасындағы сыйластық пен бауырмалдықты арттыру.

Мешіттің наиб имамы Махмұд Қасым жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Алғыс айту күнінің маңызына тоқталды. Жамағатқа тағылымды насихат айтылып, ризашылықтың рухани және тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында барша жамағатпен бірге ел амандығы, жұрт тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды. Сонымен қатар, мешітке келген жамағатқа шағын сый-сияпаттар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру