«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ҚҰРМА МЕН ЗӘМЗӘМ СУЫ ТАРАТЫЛДЫ

21 тамыз 2026 159 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен қасиетті Мәуліт айының құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазына келген жамағатқа сый-құрмет көрсетіліп, құрма мен зәмзәм суы таратылды.

Мәуліт айы – Алла елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезін еске алып, оның сүннетіне амал етуге үндейтін ай. Осыған орай мешітте жамағатқа ықылас білдіріп, ізгілік пен қайырымдылықты насихаттайтын игі бастамалар ұйымдастырылды.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен мәуліт жыры оқылды. Мәуліт барысында Серік қари Ахмет, Жұманазар қари Садырханов, Пайғамбарымызға салауаттар айтылып, Құран аяттары оқылды. Одан соң Бас мүфти Мәуліт дұғасын жасады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру