«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15 қазан 2026 960 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласы өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.

Намазға жиналған жамағат алдында Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы жаңадан тағайындалған Жолдас Бердімұратовты таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Жиында жамағат болып мешіттің жаңа дін қызметкеріне сәттілік тілеп, атқарар жұмысына береке тіледі.

Жолдас Бердімұратов
1975 жылы 17 сәуірде дүниеге келген

БІЛІМІ:
2003 жылы Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы, Әл-Әзһар ислам университетінің «Ислам шариғаты» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2017 жылдан бастап Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторанты.

ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:
2004-2009 ж.ж. Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы;
2009-2011 ж.ж. ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы және «Әбу Бакр Сыддық» медресесінің директоры;
2012-2014 ж.ж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «Этнос және конфессияаралық үдерістер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында кіші ғылыми қызметкер;
2013-2017 ж.ж. қосалқы түрде Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық талдау және дамыту» орталығында теолог;
2013-2017 ж.ж. ҚМДБ-ның филиалы Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы;
2017-2018 ж.ж. Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы;
2018-2026 жылдары Павлодар облысының өкіл имамы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру