«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ДІНИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

29 наурыз 2024 450 0
Оқу режимі

Астана қаласының Әйел-қыздар секторы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы бірігіп, шәкірттер арасында интеллектуалды сайыс өткізді.

Білім жарысына Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызы бастаған мешіт ұстаздары мен жамағаттың қыз-келіншектері қатысты.

Төрт турдан тұратын тартысты ойында Рамазан айына қатысты сұрақтар қатысушыларға әртүрлі форматта ұсынылып, командалар діни білімдері мен тапқырлықтарын сарапқа салды.

Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылып отырған аталмыш сайыс өте қызықты өтіп, қатысушыларға арнайы дипломдар мен діни әдебиеттер табысталды.

Суреттерді сайтымыздың «Фотогалерея» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру