«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: РАМАЗАН АЙЫНДА ҚҰРАН ХАТЫМ ЕТІЛІП, ДҰҒА ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

02 наурыз 2026 83 0
Оқу режимі

Құран секторының Астана қаласы өкілдігі бойынша жетекшісі Ерсайын Қабылқанұлының қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым етіліп, дұға жасалды.   

Рамазан айының құрметіне жасалып жатқан игі іс-шара барысында қасиетті Құран толық оқылып, ел тыныштығы, жұрт амандығы мен бірлігі үшін дұға-тілек жасалды.

Құран оқу мұсылман үшін ең сауапты әрі жүректі нұрландыратын ғибадаттардың бірі. Әсіресе Рамазан айында қасиетті Құранға деген ықылас артып, әрбір әрпіне еселенген сауап жазылады. Өйткені бұл ай Құран түскен ай, мейірім мен кешірім айы. Сондықтан Рамазанда Құран оқып, оны тыңдап, мағынасына терең үңілу – пенденің рухани дәрежесін көтеріп, жүрегіне тыныштық пен береке сыйлайды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру